Қазіргі таңда түлектердің дұрыс мамандық таңдап, өз болашағын айқын бағдарлауы – аса маңызды қадам. Осыған орай, 2025 жылдың 18-ақпанында Салалық технологиялар институтының кәсіптік бағдар беру және қабылдау бөлімінің мамандары А.Е. Танжарикова мен А.Т. Махамбетова №10, №47, №30 және №8 мектептерде кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Шара барысында мамандар мектеп бітіруші түлектерге заман талабына сай сұранысқа ие мамандықтар туралы кеңінен мағлұмат беріп, институттың білім беру бағдарламалары, оқу мүмкіндіктері мен гранттық жүйесі жөнінде ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, олар түлектердің сұрақтарына жауап беріп, болашақ мамандықты таңдауда қандай факторларға назар аудару керектігін түсіндірді.
Осындай кәсіби бағдар беру жұмыстары түлектердің саналы таңдау жасауына көмектесіп, олардың болашақ мамандықтарын дұрыс айқындауына ықпал етеді. Салалық технологиялар институтының мамандары бұл бағыттағы жұмыстарын одан әрі жалғастырып, жастардың жарқын болашағына өз үлесін қосуды мақсат етіп отыр.