2022 жылдың 16 қараша күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Тілдер және менеджмент факультеті, Есеп және қаржы кафедрасының экономика ғылымдарының магистрлері, аға оқытушылар Д.С. Тогашева мен А.С. Амангалиева «Қаржы» білім беру бағдарламасының 2-3 курс студенттеріне Қазақстан Ұлттық банкі Батыс Қазақстан филиалының мұражайына экскурсия ұйымдастырды.
Мұражайда студенттер теңге банкноттарын, алтын, күміс коллекциялық монеталарды, алтын және күміс монеталарды, ақша белгілерінің алуан түрлі үлгілерін көріп, тамашалап, Қазақстан Ұлттық банкі Батыс Қазақстан филиалының төрағалары, есептеу техникаларының шығу тарихы мен түрлері туралы мол мәлімет алды.
