Білім алушыларды кәсіби сертификаттау БҚИТУ, Салалық технологиялар институты қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Сертификаттау – бұл маманның жұмыс берушінің талаптарына сәйкес келетіндігіне кепілдік береді. Кәсіби серттификаттау аясында БҚИТУ СТИ Ветеринария және биотехнология ғылыми орталығының базасында 6В09103-Ветеринария, 7М09101/7М09102-Ветеринарлық медицина білім беру бағдарламасының білім алушылары мен магистранттары «Ірі қара малды техник-ұрықтандырушы» атты 36 сағат көлемінде курстан өтті. Курс тыңдаушылары оқуды аяқтағаннан кейін 60 тыңдаушы «Техник ұрықтандырушы» біліктілігін алды. Курсты «Ветеринария және техносфералық қауіпсіздігі» кафедрасының жетекші профессорлық-оқытушылық құрамы жүргізді. Атап айтқанда: ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Байтлесов Е.У., биология ғылымдарының докторы, профессор Қанатбаев С.Г., в.ғ.к., қауымдастырылған профессор Днекешев А.К. оқыды.

Оқу үдерісінің табысты болуының негізгі критерийі – түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі. Алған практикалық білімдері мен дағдыларының арқасында түлектеріміз құзыретті, еңбек нарығында сұранысқа маман болады деп сенеміз.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz