2024 жылғы 21 желтоқсанда “Gaudeamus” халықаралық білім беру холдингі (Орал қ.) Қазақстан мен Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының көрмесін ұйымдастырды. Көрменің салтанатты ашылуында “Gaudeamus” білім беру оқу орталығының директоры экономика ғылымдарының кандидаты Антипова Фарида Якубовна және Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Жұбантаев Изимғали Нұрымұлы құттықтау сөз сөйледі.
Көрмеге Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің, Қазан мемлекеттік энергетикалық университетінің, Қазан федералды университетінің, Саратов мемлекеттік заң университетінің, Қазан мемлекеттік аграрлық университетінің, Самара мемлекеттік аграрлық университетінің, Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университетінің, Самара мемлекеттік мәдениет институтының, Приволжск мемлекеттік қатынас жолдары университетінің, Поволжск мемлекеттік телекоммуникация және информатика университеті өкілдері қатысты.
БҚИТУ-нің кәсіптік бағдар беру жұмысы және қабылдау бөлімі Орал қаласы мектептерінің оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Көрме алты сағаттан астам уақытқа созылды және 300-ден астам келушілерді жинады.
“Gaudeamus” халықаралық білім беру холдингінің басшылығына білім беру бағдарламаларының көрмесіне қатысуға шақырғаны үшін алғыс білдіреміз.





