Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің коммуникациялық саясатын іске асыру шеңберінде 2024 жылдың 18 қарашасында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Қаржы және экономика» кафедрасының э.ғ.м., аға оқытушысы Салимбаева Ш.Д. ұйымдастыруымен қонақ дәріс жүзеге асырылды. ҚР Ұлттық Банкінің БҚФ қолма қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімінің бастығы Аханов Еркебулан Орынбасарович, қонақ дәріс барысында ұлттық валюта-теңгені айналымға енгізу тарихы, «Сақ стилі» банкноттарының жаңа сериясын айналымға шығару және жаңа банкноттардың қорғау элементтері туралы ақпарат ұсынды. Кездесу соңында білім алушылар және профессор оқытушылар құрамы қызықтырған сұрақтарға жауаптар алды.

