2024 жылдың 20-қарашасында Филология және оқыту әдістемесі кафедрасында әдістемелік семинар, тренинг, мастер-клаcстар өткізу кестесіне сай кафедра аға оқытушылары А.Т.Абужалитова мен Д.М.Какимованың ұйымдастыруымен «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтары бойынша қысқа мерзімді жоспар құрудың алгоритмі» тақырыбында шеберлік класы өткізілді. Шеберлік класына Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің «Жайық жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қартқалиева Дидар Төлеубайқызы шақырылды. Шараға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен 6В01701–Қазақ тілі мен әдебиеті және 6В01301–Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылары қатысты. Шеберлік класында ұзақ мерзімді жоспар мен қысқа мерзімді жоспар құруда пайдаланылатын нормативтік құжаттар, түрлі әдіс-тәсілдер  таныстырылды. Шеберлік класы тың ақпараттарға толы болды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz