3 қыркүйек университетіміздің бас ғимаратында Білім күніне және Ата заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өткізілді.
Салтанатты жиынға университетіміздің профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттер және ата – аналар қатысты.
Салтанатты жиынға жиналған қауымды Білім күнімен, ҚР Конституциясының университет ректоры Р.С. Габдуалиева және факультет декандары Ж.Ж. Жумаев, Х.К. Капанов және Б.С. Джумакаева құттықтады.
Салтанатты жиыннан соң 1 курс студенттеріне академиялық топ кураторлары таныстыру сабақтарын өткізді.
1 қыркүйек оқу орнымыздың қабырғасында Білім күніне және ата заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясының 21 жылдығына арналған салтанатты жиын өткізілді.
Салтанатты жиынға оқу орнымыздың профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттер және ата – аналар қатысты.
Салтанатты жиынға жиналған қауымды Білім күнімен, ҚР Конституциясының күнімен Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры, тарих.ғ.к, доцент Ж.Т. Ерназаров, тілдер және менеджмент факультетінің деканы, экономика ғылымдарының кандидаты Ж.Ж. Жұмаев, «Еуразия» индустриалдық -экономикалық колледжінің директоры, а-ш ғылымдарының кандидаты, доцент Р.М. Бисенғалиев және студенттер атынан студенттік ректор Н.Джанболатов және президенттік стипендия иегері А.Боранбаева құттықтады.
Салтанатты жиында университетіміздің белсенді студенттері, Орал студенттер Альянсының төрайымы Нургалиева Айкөркем, Қуанова Әділбек және бірінші курс студенттері Уалитханова Гульнур және Бисекешова Гульнур өз өнерлерін көрсетті.
Салтанатты жиыннан соң 1 курс студенттерімен оқу орынның ішінде экскурсия ұйымдастырылды және академиялық топ кураторлары таныстыру сабақтарын өткізді.