2016 жылдың 13 қыркүйегінде университетіміздің құрметті профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Е.Х.Гиззатовты еске алу кеші өтті.

Шараға Елдос Хаменовичтің жанұясы, достары, әріптестері, шәкірттері және студенттер жиналды. Кеш барысында ғалымның өмірбаяны, атқарған қызмет жылдарындағы жетістіктері, студенттерді баулуға септігін тигізген жеке қаситеттері баяндалды.
Ғалымды еске алу кешінде БҚИТУ-дың ректоры Р.С. Габдуалиева, тілдер және менеджмент факультетінің деканы Ж.Ж.Жумаев және еңбек жолындағы әріптестері сөз сөйлеп, естеліктерімен бөлісті. Студенттер атынан Е.Х.Гиззатов атындағы білім грантының иегері Мустафина Фариза сөз сөйледі. Сонымен қатар «Опережая время/Уақыттан озған» атты кітабынан үзінді оқылып, бейнеролик көрсетілді.





