Оның негізгі мақсаты – жастардың бойында зияткерлік, рухани және креативтік капиталды қалыптастыру. Лагерьге қатысушылар түрлі оқыту семинарларына қатысты. Соның ішінде, атап айтқанда 3 күн бойы өзін-өзі дамыту, шешендік қабілетті күшейту бағытында оқыту семинарлары өтті.
Әлеуметтің әлді тобы – жастар. Оларда кез-келген жобаны іске асыратын қуатты күш, шуақты күй бар. Жастардың саяси лагері – жастар үшін ашық диалогтың алаңы. “Жастар-Отанға!” – бұл Қазақстанның бүкіл облыстарынан келген креативтік жастарының жиыны. Мұнда олар демалып қана қоймай, тәжірибе алмасып, жаңа саяси технологияларды игеру мүмкіндігін алады.
Жас буынның саяси сауаттылығын арттырып, патриоттық рухын ұлықтайтын жоба елу елдік мәселелерді, жастар проблемасын шешуге мүдделі. Жастар саяси лагерінде əлеуметтік тапсырыс бойынша қатысушылар көкей кернеген, өзек өртеген мәселелерін ортаға салды. Лагерьдің ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарынан келген 120 белсенді жас қатысты. Келген жастарды Орал қаласының әкімі Марат Рахметұлы Мұкаев арнайы құттықтады.
Қатысушылар шара барысында түрлі жобаларға қатысып, елге белгілі тұлғалармен кездесті. Атап айтқанда, қоғам қайраткерлерімен, спортшыларымен, саясаткерлермен және республикалық телеарналардың жүргізушілерімен жүздесті. Олардың қатарында «Fresh city» журналының директоры Аида Буранкулова, ғылыми жобалар фондының директоры Айболат Курумбаев., «Орал Қазақстан» телеарнасының директоры Асланбек Губашев., БҚО тілдер дамыту басқармасының бөлім басшысы Гүлнар Альжанова және т.б. бар.
Айта кетейік, басқосу Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында және «100 нақты қадам» бағдарламасында көрсетілгендей жастардың бойында Отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.
Жастар-Отанға”республикалық саяси лагеріне Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің екі студенті қатысты: Рауза Масалимова және Самат Рахымғалиев.
Университеттің ұйымдастыру бөлімі
