2018 жылдың 5 қыркүйегінде Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университеті, Тілдер және менеджмент факультетінің ғимаратында кездесу өткізілді.

Кездесуге БҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің басшылары қатысты. Құқық қорғау қызметкері қазіргі кездегі қоғамдағы құқық бұзушылықтың себеп – салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады. Кездесуге қатысқан студенттер мен оқытушылар кездесудің қонақтарына өз көкейлеріндегі сауалдарын жолдап, нақты жауаптар ала алды.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz