Студенттерді қабылдау кез-келген жоғары білім беру ұйымы үшін негізгі сандық және сапалық көрсеткіш болып табылады. Сондықтан кез-келген университетті дамытудың маңызды бағыттарының бірі оның имиджін нығайту және білім беру қызметтері нарығында лайықты орынды анықтау болып табылады.
Кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізудің дұрыс стратегиясын әзірлей отырып, білім беру мекемелері талапкерлердің мамандықты және жалпы университетті таңдаудағы шешіміне тікелей немесе жанама әсер етуі мүмкін.
Талапкерлер мен 1 курс студенттерін кәсіби таңдау мотивациясын зерделеу университет үшін талапкерлерді тартудың ең тиімді бағдарламасын анықтауға және болашақ студент пен оқытушы, сондай-ақ жоғары оқу орны мен білім алушылар арасындағы өзара іс-қимыл процесін оңтайлы құруға мүмкіндік береді.
ЖОО-ны таңдау себептерін талдай отырып, талапкерлер үшін жоғары оқу орындарының тартымдылық критерийлерін бөліп көрсетуге болады, бұл білім алушылар арасында білім беру мекемесінің құрылған имиджін түзетуге, ЖОО-ны басқа жоғары оқу орындары арасында тиімді жақтарын ұсынуға мүмкіндік береді.
2024 жылдың 02 қыркүйегі мен 06 қыркүйегі аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің салалық технологиялар институтында кәсіптік бағдар беру жұмысы және қабылдау бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 1 курс білім алушылары арасында институттың барлық білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқытудың бірінші курс студенттеріне сауалнама жүргізілді.
Сауалнамаға 234 білім алушы қатысты. Сауалнама нәтижелері бойынша 2024-2025 оқу жылына БҚО бойынша түскен талапкерлердің саны – 23,5%, Орал қаласынан – 43,5%, 8,5% – Атырау облысынан, 11,5% – Маңғыстау облысынан, 8% – Ақтөбе облысынан, 1% – Астана, Алматы, Қызылорда, Түркістан облыстарынан.