20 қыркүйек 2024 жылы «Сәулет және құрылыс» кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі К.М. Джумабаева АРХ-31О тобының студенттеріне «Қоршау қабырғаларының жылу-техникалық есебі» тақырыбында практикалық ашық сабақ өтті. Ашық практикалық сабақтың ерекшелігі оқытудың инновациялық әдістерін қолдана отырып, интерактивті тақтамен жұмыс жасалды. Мақсаты студенттердің қоршау құрылымдарының жылу-техникалық есебі жөнінде білімдерін қалыптастыру. Сабақ барысында студенттер қоршау қабырғаларын тиімді пайдалану материал шығынын, жылу шығынын, ғимаратты жылытуға кететін энергия шығындарын азайтуға мүмкіндік беретінінін ұғынып, тақырып бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.


