Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Орал қаласының мектептерінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын бастады. Маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық басқармасының қызметкерлері БҚИТУ-дағы дайындық бағыттары, қабылдау шарттары, білім беру мүмкіндіктері және студенттік өмір туралы ақпараттандыруға бағытталған жоғары сынып оқушыларымен кездесулер өткізді.

Жұмыстың мақсаты – оқушыларға болашақ мамандық пен оқу орнын таңдауға көмектесу, сонымен қатар университетті сапалы жоғары білім алу үшін заманауи алаң ретінде ұсыну.

Іс-шаралар барысында оқушыларға дайындық бағыттары, қабылдау шарттары, гранттар, студенттік өмір және БҚИТУ қабырғаларында кәсіби даму мүмкіндіктері туралы ақпараттар беріледі. Өзекті және сұранысқа ие мамандықтарға, сондай-ақ талапкерлерді жеке қолдауға ерекше назар аударылады.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы оқу жылы ішінде қала және өңір мектептерінде жалғасады және болашақ талапкерлер арасында саналы кәсіби таңдауды қалыптастырудағы маңызды кезең болып есептелінеді.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz