6В04202 Құқықтану Білім беру бағдарламасының студенттерімен «Отцы в деле» қоғамдық қор өкілімен кездесу
2022 жылдың қыркүйек айының 27 күні 6В 04202 «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін «Отцы в деле» қоғамдық қорының өкілі дәріс өткізді.
Дәрісті «Отцы в деле» қоғамдық қорының президенті Мухамбеткалиев Данияр Канапиянович оқыды. Дәріс «Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында отбасылық-құқықтық қатынастар саласындағы азаматтардың құқықтарын даулау» тақырыбы аясында өтті.
Сабақ барысында Данияр Канапиянович отбасылық, тұрмыстық зорлық-замбылық, ажырасу және кәмелетке толмаған балалардың құқықтары жөнінде заңдарға түсіндірме жасап, сотта дауды қарау және шешу мәселелері жөнінде сөз қозғады. Дәріс барысында кәмелетке толмағандардың істерін сотта қарау тәртібі мен оларды жүргізудің ережелері қарастырылды.
Студенттер дәрісті қызыға тыңдап, тәжірибе саласынан өзекті сұрақтар қойды. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың істері бойынша статистикалық мәліметтер де айтылып өтті.


