Ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасы Салалық технологиялар институты ЗКИТУ-дың Педагогикалық шеберлік мектебі аясында 2025 жылғы 24 желтоқсанда «Кафедраның білім беру бағдарламалары бойынша бейіндік пәндерді оқыту әдістемесі» тақырыбында әдістемелік семинар ұйымдастырып, өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқу процесінің нәтижелілігі мен сапасын арттыру.
Семинар барысында оқытудың әртүрлі әдістерін қолдану сабақтағы бірсарынды үрдісті жойып, білім алушылардың шаршауын азайтуға ықпал ететіні, олардың танымдық белсенділігін арттырып, бастамашылдығы мен оқу процесіне қатысу деңгейін күшейтетіні атап өтілді. Студенттер мен магистранттар тек тыңдаушы рөлінде ғана емес, сонымен қатар білім беру процесінің белсенді қатысушыларына айналады.
Кафедра оқытушылары заманауи және практикаға бағытталған тәсілдерді таныстырып, баяндама мен презентациялар жасады. Атап айтқанда: кәсіби жағдаяттарды талдау арқылы кейс-әдісті енгізу, мини-жобаларды қорғаумен жобалық оқытуды жүзеге асыру, «аударылған сынып» форматын қолдану, өндірістік және ветеринариялық процестерді модельдеу арқылы симуляциялық сабақтар өткізу, сондай-ақ проблемалық-бағдарланған пікірталастар ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.
Кәсіби тәжірибе алмасуға бағытталған мұндай іс-шаралар оқытушылардың педагогикалық шеберлігін дамытуға және оқу процесіне заманауи білім беру технологияларын енгізуге ықпал етеді.

