2026 жылдың 15 қазан күні Қаржы және экономика кафедрасының аға оқытушылары Ш.Д.Салимбаева мен Д.С.Тогашеваның ұйымдастыруымен Статистика пәнінен 2025 жылдың 28 қазанда жасалған меморандум аясында Батыс Қазақстан облысы бойынша статистика департаментінің өкілдерімен бірлесіп, «Қоғамдық құбылыстардың өзара байланыстылығын статистикалық зерттеу» тақырыбында қонақ дәріс ұйымдастырылды.

Дәрісті Батыс Қазақстан облысы бойынша статистика департаментінің басшысы Мешелов Болат Тилеугабылович және Өндіріс статистикасы басқармасының басшысы Мукатова Динара Амангалиевна өткізді. Қонақ дәріске Ф-211, ЭК-211, УА-211, Ф-221, УА-311 және ЭК-111 топтарының білім алушылары қатысты.

Дәріс барысында қоғамдық құбылыстар арасындағы өзара байланыстарды статистикалық зерттеудің негізгі әдістері, статистикалық деректерді талдау және олардың нәтижелерін тәжірибеде қолдану мәселелері қарастырылды. Кездесу білім алушылардың теориялық білімдерін толықтыруға, статистикалық талдау дағдыларын дамытуға және болашақ кәсіби қызметіне қажетті тәжірибелік білімдерін жетілдіруге бағытталды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz