Цифрлық технологияларды дамытудың ұлттық стратегиясын іске асыру шеңберінде және Batys Hub базасында Үкімет аппаратының қолдауымен 2026 жылғы 7-сәуірде білім алушылар үшін жасанды интеллектке арналған іс-шара өтті. Шараға дене шынықтыру және информатика кафедрасының білім алушылары, оқытушылары қатысты.
Іс-шараның мақсаты – жасанды интеллект саласындағы білім алушылардың білімін кеңейту, заманауи цифрлық құралдарды тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру және олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Іс-шара барысында қатысушылар жасанды интеллекттің негізгі бағыттарымен, оның қоғамдағы және білім беру жүйесіндегі рөлімен, сондай-ақ әртүрлі салаларда ЖИ қолдану мүмкіндіктерімен танысты. Сонымен қатар, білім алушыларға Batys Hub базасында өткізілетін үйірмелер мен білім беру бағдарламалары туралы мәліметтер, сондай-ақ ІТ StartUP жобасына қатысу мүмкіндігі ұсынылды.