2023 жылдың 6-17 ақпан аралығында «6В01601-Тарих» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде психологиялық-педагогикалық практикадан өтті.

Практиканың алғашқы күні студенттер  9D, 9C, 10D сыныптарына бөлініп, тәжірибелік жұмыстарын бастап кетті.  Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің психологы Нигиметова Лаззат Беймбетовнаның жетекшілігімен зияткерлік мектептегі оқушылардың қызығушылығымен психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, шығармашылық жұмыстарды өткізуге, нақты педагогикалық әдістемелерді қолдануға үйренді.

Практика барысында студенттер «Қарым-қатынас мәдениеті», «Жеке қауіпсіздік», «Ұл мен қыз – ұлт тәрбиесі», «Ұялы телефонның пайдасы мен зияны» тақырыптарында тәрбие сағаттары мен тренингтерін өткізді.

Педагогикалық шеберлікті шыңдау, оқыту әдістемесін арттыру бағытында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі арасындағы ынтымақтастық жалғасын табады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.