2023 жыдлың 23-мамырында Орал қаласының Достық үйінде Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық тобының отырысы өтті. Аталған отырыста ҚР Президенті Қ-Ж.К.Тоқаевтың төрағалығымен өткен «Әділ Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясының қорытындысы бойынша, Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік тіл бағыттарын дамыту мәселелері және Батыс Қазақстан облысының этнодемографиялық атласын жасақтау қаралды. Іс-шараға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ғалымдары Ерназаров Ж.Т., Бижанова А.Е., Балыкова А.М. қатысып, өз ұсыныстарын ортаға салды.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz