ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғырту жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын дәріптеу мақсатында «Bilim orkenieti» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы «Қазақстан Республикасының құрметті маманы» республикалық патриоттық байқауын өткізді.
Іс-шараның мақсаты: Мемлекет басшысының жолдауын қоғамға кеңінен насихаттау. Жастарға Тәуелсіздік – тәуелсіздікті нығайту үшін ұлттық бірегейлік пен бірліктің маңыздылығы туралы қасиетті ұғым екенін түсіндіру. Тәуелсіздік жылдарында өз ісінің шебері болған және елдің дамуына өз үлесін қосқан азаматтарды қоғамда кеңінен насихаттау жастарға үлгі көрсетуде.
БҚИТУ конкурсқа техника ғылымдарының кандидаты, «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Лязат Анатольевна Садыкова қатысып, Қазақстан Республикасының құрметті маманы атағын алды.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 19 мамырда Астана қаласының Министрліктер үйінде өтті. Еліміздің танымал тұлғалары байқау жеңімпаздарын құттықтап, энциклопедиялар, төсбелгілер мен дипломдар табыс етілді. Қатысушылар Роза Бағланова атындағы Қазақ ұлттық сарайына және ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайына Гала-концертке шақырылды.