2024 жылдың 22 қараша күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Қаржы және экономика» кафедрасының аға оқытушылары Нурманова А.К., Ислямов Р.С. Бәйтерек ауданының Белес мектеп-балабақша кешенінің, Қ. Қайсенов атындағы ЖОББМ, Қ. Аманжолов атындағы ЖООББМ, Переметный ЖОББМ, Камен ЖОББМ түлектерімен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты мектеп түлектеріне болашақ мамандықтар бойынша кәсіби бағдар беру. Шара барысында оқушыларға БҚИТУ Білім және менеджмент институтының білім беру бағдарламалары бойынша ақпарат берілді.




