Студенттердің кәсіби сертификаттаудан өтуі жоғары оқу орындары түлектерінің тиісті білім деңгейі мен дағдыларының, кәсіби құзыреттілігінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Білім беру жүйесінің көптеген сарапшылары мен өкілдерінің пікірінше, кәсіби сертификаттау білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік береді және университет түлектерінің жұмысқа орналасуына зор ықпал етеді.

Кәсіптік сертификаттау шеңберінде 4 курс  6В11201 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсізідігі білім беру бағдарламасының  білім алушыларының БҚИТУ, ИГФ, ветеринария және техносфералық қауіпсіздік «Пром ресурс білім беру орталығы» ЖШС-де кәсіби сертификаттан өтті.

 2022 жылғы 10-14 қазан аралығында «Газдан құтқару ісі» арнайы курсы бойынша 36 сағат көлемінде оқудан өткеннен кейін курс тыңдаушыларына «Газдан құтқарушы» біліктілігі берілді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz