Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Салалық технологиялар институтының «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының  оқытушылары — Саргужиева Бибигуль Абуевна және Кайранбаева Альбина Бериккалиевна — Н.И. Вавилов атындағы Саратов мемлекеттік генетика, биотехнология және инженерия университетінде т.ғ.д., профессор Угаров Г.Г. және т.ғ.д., доцент Бакиров С.М. басшылығымен ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуде.

Зерттеулер реагентсіз әдістерді пайдалана отырып, тұрмыстық және жоғары минералданған суларды тазалау технологияларын жетілдіруге, сондай-ақ тазалау процестерін автоматтандыру жүйелерін әзірлеуге және негіздеуге бағытталған. Негізгі назар тазалау құрылғыларының тиімділігін, сенімділігін және өнімділігін өзгеріп отыратын судың параметрлері жағдайында арттыруға аударылады.

Ғылыми-зерттеу жұмысы заманауи зертханалық және ғылыми-техникалық база қолдана отырып жүргізіліп, инженерлік және автоматтандырылған су тазалау жүйелерін дамытуға ғылыми және практикалық мәні бар нәтижелер алуға мүмкіндік береді.

Жұмыстың бастапқы кезеңіндегі нәтижелер тұрмыстық суларды тазалау және технологиялық процестерді автоматтандыру саласындағы болашақтағы зерттеулерге негіз бола алады.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz