05-06.11.2024 жылы Құқық кафедрасының меңгерушісі Ж. К. Тулеугалиева 6В04202 Құқықтану, 6В04207 Сот-прокурорлық қызмет білім беру бағдарламаларының 1,2,3 және 4 курс білім алушыларымен кездесуі өтті.
Кездесу барысында білім алушылардың кредиттік технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастырудың негізгі міндеттерімен, білім алушылардың академиялық адалдықтың негізгі қағидаттарымен танысты. Құқық кафедрасының меңгерушісі білім алушыны оқудан шығарудың негіздері, ағымдағы үлгерімді бағалауды қалыптастыру, пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі туралы айтып берді, сондай-ақ оқу және өндірістік практикадан өту мәселелері,оқу практикасының мақсаттары мен міндеттері,оқу практикасын ұйымдастыру мен мазмұны қозғалды,құқық кафедрасының практика базалары тізімделді.
Құқық кафедрасының білім алушыларына кафедраның ПОҚ-нан білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы айтылды, білім алушылардың көпшілігі ғылыми-зерттеу жұмысына қызығушылық танытты. 4 курс білім алушыларына практикадан өту тәртібі түсіндірілді, кешенді емтиханға арналған пәндер тізбесімен таныстырылды және қортынды аттесттауға дайындық бойынша толық түсініктемелер берілді.

