Үстіміздегі жылдың маусым айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада су тасқынымен күреске белсенді қатысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттады. Мемлекеттік марапаттарға ие болғандардың қатарында БҚИТУ – ң Салалық технологиялар институтының ветеринария және техносфера қауіпсіздік кафедрасының 6В11201 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі білім беру бағдарламасының 3 курс білім алушысы да бар.
Қызметтік және азаматтық борышын өтеудегі адалдығы, сондай-ақ төтенше жағдай кезінде көрсеткен ерлігі үшін Мемлекет басшысы білім алушымыз Құмаршиев Қуанышты ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады.
Қуаныш Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі құтқарушылармен бірге Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті. Құтқару жұмыстары кезінде Қаратөбе аудан орталығынан 6 шақырым жерде көліктердің қозғалысына кедергі келтірген көп мөлшердегі суық су ағыны тоқтатылды. Қуаныш пен басқа да құтқарушылардың келісілген және жанқиярлық іс – қимылдарының арқасында тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіру мүмкін болды. Табиғи апат кезінде Қуаныштың батыл әрекеті өскелең ұрпаққа үлгі болуы тиіс.
Қуаныш – университет және бүкіл ел сені мақтан тұтады!

