2024 жылдың 8 сәуірінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті салалық технологиялар институты “Көлік және технологиялар” кафедрасы академик Қ.Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған “Ғылым онкүндігі – 2024” ғылыми конференциясын өткізді.
Конференцияның мақсаты – студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту, кәсіби білімдерін тереңдету және кеңейту, көпшілік алдында сөйлеу және пікірталас жүргізу дағдыларын үйрету, ең бастысы – ғылыми, мемлекеттік және қоғамдық маңызы бар өзекті мәселелердің шешімін табуға тырысу.
Кафедраның меңгерушісі PhD, қауымдастырылған профессор Омаров Ақылбек Нұрлыбекович құттықтау сөз сөйледі. Конференцияның модераторы “Инженерия” үйірмесінің және СҒЗЖ жетекшісі, магистр, кафедраның аға оқытушысы Киясова Гульзада Мадиевна болды.
Конференцияда ғылым, техника және технологиялар саласындағы мәселелер қамтылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша білім алушыларға ғылыми конференцияға қатысушының сертификаттары табысталды.

