2023 жылдың 11 желтоқсанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, Габдуалиев Мереке Тлекович «Азаматтық қоғамның парламентшілермен заң шығару саласындағы ынтымақтастық форматтары туралы диалогы» атты дөңгелек үстелде «Тұрғын үй заңнамасын жетілдіру жөніндегі азаматтық бастама» тақырыбында баяндама жасады. Іс-шараны парламентаризмді дамыту қоры «Жігер» әйелдер ынтымақтастығы Лигасы мен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz