Құрметті Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, салалық технологиялар институтының студенттері!
Біздің университет Қазақстанның көптеген жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықта. Осыған байланысты 1 семестр мерзімге қазақстандық серіктес жоғары оқу орындарының бірінде ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін 2-ші курстан бастап студенттерден өтінімдер қабылданады.
Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін ақпарат.
Білім алушылардың ішкі академиялық ұтқырлығы жоғары оқу орындары арасындағы келісімдер (қазақстандық жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумдар мен шарттар) шеңберінде жүзеге асырылады.
Ішкі академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру үшін басқа қазақстандық университеттің ресми шақыруы, қабылдаушы университет қол қойған білім алушының оқуға үшжақты келісімі және жеке оқу жоспары болып табылады, онда қабылдаушы ЖОО-да игерілетін барлық пәндер көрсетіледі.
Білім алушыларды ішкі академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға жіберу жүзеге асырылады:
- Жоғары оқу орындары арасындағы студенттердің өзара алмасуы негізінде;
- Білім алушылардың өз қаражаты есебінен.
Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысудың негізгі критерийлері:
білім алушылардың академиялық кезеңін аяқтағаннан кейінгі ағымдағы үлгерімі;
академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға үміткерлер үшін өз ЖОО-да бір академиялық кезеңді аяқтау.
Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
– білім алушының ректордың атына өтініші;
– ECTS-келісім;
– Жеке оқу жоспары;
– академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға үшжақты келісім;
– ұсыныс хат;
– флюорографиялық суреті бар 075У нысанындағы медициналық анықтама;
– транскрипт;
– жеке куәліктің көшірмесі;
– фото 3*4 (2 дана).
Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасына құжаттарды дайындау үшін академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар бөлімінен көмек сұрауға болады