Олимпиада-бұл тек білімді тексеруді ғана емес, сонымен қатар тапсырманы өз бетінше түсіну, шешімге стандартты емес көзқарас мүмкіндігін де қамтитын шығармашылық конкурс.

«Педагогика және психология» кафедрасының оқытушылар құрамы 6в01101-“Педагогика және психология”, 6в03101-“Психология” білім беру бағдарламаларының 3 және 4 курс студенттері арасында Қазақстанда психологтер күніне арналған пәндік олимпиада ұйымдастырды.

Психология бойынша Олимпиада студенттердің білім беру бағдарламалары бойынша жалпы және кәсіби құзыреттіліктерін көрсетуге, студенттердің шығармашылық қабілеттерін анықтауға және қолдауға, креативті және шығармашылық ойлауын дамытуға және ғылыми білімді насихаттауға бағытталған.

Олимпиада 3 кезеңнен тұрды:

  • тестілеу
  • проективтік әдістемелерді талдау
  • “Стресс-тұлғаны дамыту факторы ретінде” тақырыбындағы эссе

Студенттердің тапсырманы дайындау мен орындаудың жоғары деңгейін атап өткен жөн. Олимпиаданың қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтай отырып, белгіленген бағалау критерийлеріне сәйкес жұмыстардың барлық нұсқаларын қарады:

  • 6B01101 – “Педагогика және психология” білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Нұрғалиева Лаура І дәрежелі дипломмен марапатталды;
  • 6B03101 – “Психология” білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Серегина Дарья ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды;
  • 6B01101 – “Педагогика және психология” білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Азизова Набира ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды;
Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz