2026 жылғы 10-ақпанда университетте Конституция жобасына қатысты ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті. Шараның негізгі мақсаты Конституция жобасының мазмұнын кеңінен түсіндіру, оның маңыздылығы мен қоғамдағы рөлін талқылау, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды.
Аталған шараға арнайы қонақ ретінде Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының төрағасы, жазушы-журналист, ҚР Ақпарат саласының үздігі, «Орал өңірі» газетінің бас редакторы, Ұлттық Құрылтай мүшесі Ғұбайдуллин Бауыржан Файзоллаұлы келді. Қонақ Конституция жобасының қоғам дамуы үшін маңыздылығына тоқталып, оның құқықтық мемлекет қалыптастырудағы орны туралы жан-жақты ақпарат берді.
Іс-шара барысында Конституция жобасындағы негізгі өзгерістер мен толықтырулар талқыланып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Сонымен қатар, Бауыржан Файзоллаұлы өз тәжірибесімен бөлісіп, жастарды елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласуға шақырды.
Шара қорытындысында қатысушылар Конституция жобасы бойынша пайдалы әрі мазмұнды ақпарат алып, өз пікірлерін білдірді.


