2020 жылдың 7-18 желтоқсан аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің инженерлік-технологиялық факультетінде ПОҚ-ның академиялық ұтқырлық шеңберінде Ю. А. атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университетінің “Экология” кафедрасының доценті, биология ғылымдарының кандидаты Лобкова Галина Викторовна ZOOM платформасында онлайн-форматта Мұнай-газ ісі, Құрылыс, Сәулет, Жерге орналастыру және кадастр, Көлік, көліктік техника және технологиялар, Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер, Электр энергетикасы, Ветеринария, Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша), Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды құқықтық реттеу мамандықтарының бірінші курс студенттеріне “Бизнес негіздері (Экология және ӨТҚН)” пәні бойынша дәрістер оқыды.
Дәрістерде экологияның ғылым ретіндегі мақсаттары мен міндеттеріне, экологиялық зерттеулер мен табиғат пайдалануды реттеу әдістеріне; табиғат пайдаланудың экономикалық тетігінің қағидалары, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғауға қатысты мәселелер қозғалды.
Университет студенттері үлкен танымдық маңызы бар дәріске қызығушылық танытты!