14 желтоқсан күні университетімізде Барша арманымыздың асқары, бақытымыздың бастауы болған Ұлы дала елінің ұлық мерекесі – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған «Тұғыры биік Тәуелсіздік!» атты апталықтын салтанатты жабылу кешіне өтті.

      Апталық барысында конференциялар, ашық онлайн сабақтар, дөңгелек үстелдер, байқаулар мен кураторлық сағаттары ұйымдастырылды.

   7 желтоқсанда  «Тарих және құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен  тарих ғылымдарының кандидаты, профессор С.Б.Құрманалин «Қазақ елі: отаршылдық жағдайдағы ұлттық бірегейлікті сақтау жолындағы күрес» атты ашық онлайн дәрісі өтті. Сонымен қатар кафедраның оқытушылары: А.Ж.Дауесова, Э.Ә.Шуренбаева, М.Д.Хасанова ұйымдастыруларымен «Желтоқсан-тәуелсіздіктің ұлы рухы» кураторлық сағат өтті.

    п.ғ.к., доцент Р.С.Кинжекова 4 курс студенттерімен «Алаш қайраткерлерінің тәуелсіздік жолындағы күресі мен ағартушылық қызметі» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

   «Педагогика және психология» кафедрасының топ эдвайзерлері Г.М.Умбетова, Ж.Е.Қадыржанова «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» тәрбие сағаты.  Тәуелсіздік ел тірегі –білімді ұрпақ (студенттер арасында өткізілген байқау) топ эдвайзері А.И.Султангалиева «Барыс» спорт клубы мен «Жаратылыстану ғылыми пәндер» кафедрасының оқытушылары Р.М.Турдалиев, Н.С.Куспанов ұйымдастыруымен «Дойбы» спорт түрінен факультет студенттері арасында жарыс өтті.

 «Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі» кафедрасының ұйымдастыруымен топ эдвайзері А.Ғ.Наби «Тәуелсіздік – Желтоқсан шежіресі» атты желтоқсан оқиғасының қатысушысы филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Сабыр Мұрат Бөкенбайұлымен онлайн форматта «сыр-сұқбат» кездесу кешін өткізді.

  9 желтоқсан күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология және көптілді білім беру инситуты Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен филология ғылымдарының докторы, профессор, түркітанушы ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Сабыр М.Б. «Орта түркі кезеңі: Алтын Орда мұралары (тарихи, тілдік интерпретация)» атты халықаралық ғылыми онлайн семинары өтті.

  Семинарға 100 шақты, атап айтар болсақ, Түркия, Башқұртстан, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ҰУ, Абай атындағы Қазақ ҰПУ т.б. шетелдік және қазақстандық белгілі түркітанушы ғалымдар мен магистранттар қатысты.  Ғылыми семинарда Түркітану ғылымының өзекті мәселелері көтеріліп, ғалымдар пікірлерін ортаға салып, талқылау, пікір алмасу жұмыстары болды. Мұрат Бөкенбайұлының ғылыми семинары жоғарғы деңгейде өтіп, халықаралық деңгейде Түркітану ғылымында өзіндік қолтаңбасы бар екенін тағы бір дәлелдеді.

   10 желтоқсан күні   Гуманитарлық-заңтану факультетінде «Ар – намысым, қасіретім, қуанышым – Желтоқсан!» атты онлайн дәріс өтті. Өткізген Ш.Е.Нугманова. 10-14  желтоқсан күндері  аралығында инженерлік-технологиялық факультетінде т.ғ.к., профессор Н.М.Кадыргалиевтің ұйымдастыруымен  «Менің Тәуелсіз Қазақстаным»  атты онлайн форматта дөңгелек үстел өткізілді. Сонымен қатар келесі топ эдвайзерлері  Г.К.Курмашева, А.М.Разакова, Б.Н.Аманова, Г.М.Киясованың ұйымдастыруымен бір топ кураторлық сағаттар өтті.

   Тілдер және менеджмент факультетінің топ эдвайзерлері: А.К.Нурманова, Г.М.Айтмуканова, Д.Р.Кенжигалиева., А.М.Бисалиева «Тәуелсіздік – желтоқсан шежіресі», «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздіқ», «Менің Отаным-Қазақстан!» тақырыптарында кураторлық сағаттар өткізді.

   «Елдің дамуы оның білім беру жүйесі арқылы бағаланатын болады», деген Елбасының сөзі жайдан-жай айтылмаса керек-ті. Себебі мемлекеттің мерейін өсіріп, мәртебесін арттыратын адам болса, сол адамды маман қылып шығаратын, шынықтыратын білім ордасы. Білім мен тәрбиенің тал бесігі.

   Осы бағытта Ұлтқа мақтаныш, ұжымға сыйлы болып, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуде талмай талпынып жүрген университетіміздің бір топ ұстаздар қауымын Батыс Қазақстан облысы әкімі Ғ.Н.Есқалиевтың, Орал қаласының әкімі А.А.Шыныбековтің, «Нур Отан» партиясы БҚО филиалының төрағасының бірінші орынбасары М.Р.Мұқаевтің, университет ректоры Р.С.Габдуалиеваның Алғыс хаттары табыс етілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz