Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің көптеген студенттері бүгінде академиялық ұтқырлық бойынша білім беру бағдарламасы сай келетін алыс, жақын оқу орындарында оқуға өтініш білдіруде.
Университеттегі академиялық ұтқырлық бағдарламасы кіріс және шығыс бағыт бойынша жұмыстанады. Шығыс ұтқырлық бағыты бұл біздің студенттердің басқа оқу орынан барып білім алуы болса, кіріс бағыты – өзге ЖОО студенттерінің біздің университеттке келіп білім алуы. Академиялық ұтқырлық бағдарламасына 2 және 3 курс студенті қатыса алады, бірақ егерде білім беру бағдарламасындағы сәйкестік деңгейі жоғары болса, 4 курс студенті де оқуға құқылы.
Егер сіз шет елдердің университеттерінде білім алғыңыз келсе, сіз 1 курстан бастап сабақты өте белсенді оқып, GPA жоғары болуы және ағылшын тілін жетік меңгеруіңіз керек. Ағылшын тілі сертификатының болуы міндетті. Яғни ағылшын тілін жетік меңгерген, IЕLТS пен TOEFL сертификаты бар, сонымен қатар университеттің ғылыми жобаларына, конференцияларға, студенттік өмірге белсенді қатысатын студент академиялық ұтқырлық бағдарламасына өтініш бере алады. Егер сіз қазақ тобында білім алып, Ресей Федерациясында академиялық ұтқырлық бағыты бойынша оқығыңыз келсе, сізге орыс тілін меңгерсеңіз болғаны, өтініш білдіріп білім алуға болады.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бағытындағы университетіміздің серіктестері туралы ақпаратты университет сайтынан (www.wkitu.edu.kz) қарап білуіңізге болады. Жалпы толық ақпаратты Білім және менеджмент институтының халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық бөлімінен біле аласыз (мекенжайы: Н.Назарбаев даңғылы, 194, 211/1 кабинет)
Бөлімнің бас маманы: Мамбеталиева Асель Зейнелғабитқызы.
