Қазақстан Республикасы банктерінің қауымдастығы, Мемлекеттік кредиттік Бюро жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, онлайн-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, қаржы саласындағы финтех-әзірлемелер және цифрлық шешімдер саласындағы студенттік жобалар мен зерттеулердің Республикалық конкурсын ұйымдастырды. «Экономика» ББ студенті Дүйсекенов Руслан және «Есеп және аудит» ББ студенті Махов Александр байқаудың I кезеңінен өтіп, II кезеңге қатысты.
2025 жылғы 11 қарашада А. Махов «Steam онлайн алаңындағы киберқауіпсіздік» тақырыбында онлайн (Алматы қ.) баяндама жасады.
2025 жылғы 13 қарашада Р. Дүйсекенов Астана қаласында Назарбаев Университетінде «Онлайн алаяқтықтан қорғау бойынша Safe Mind білім беру платформасы» тақырыбында презентация ұсынды.
Байқау қорытындысы бойынша студенттерге сертификаттар табысталды, ал жетекшілер э. ғ. к., қауым. проф. Г.К. Курманова, және э.ғ.м. Б.А.Уразова студенттерді даярлаудың жоғары деңгейі үшін грамоталармен марапатталды.

