2023 жылдың 5 сәуірі күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, педагогика факультеті, жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының “Дене шынықтыру және спорт” білім беру бағдарламасының білім алушылары (ФКС-212, ФКС-311,ФКС-321топтары) Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт клубы МКҚК барды.
Студенттер мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен шұғылдану сәттерін бақылап, олармен сұхбаттасып, жаттығу сәттеріне араласып өте керемет эмоциялық әсерлер алды. Мүгедектер волейбол, үстелтеннисі, дзюдо, суда жүзу, пауерлифтинг сияқты және т.б. спорттың бірнеше түрлері мен айналысады. Олардың арасында Республикалық және Халықаралық турнирлер мен чемпионаттардың жүлдегерлері де бар. “Дене шынықтыру және спорт” білім беру бағдарламасының білім алушылары “Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған дене шынықтыру” пәнінен алған теориялық білімдерін практикамен ұштастырды.
