2024 жылы 11-қарашада Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі Умбетова Кымбат Булатовна және «Филология және оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Султангалиева Анар Изимгалиевнаның ұйымдастыруымен 6В01301 Бастауышта оқыту әдістемесі білім беру бағдарламасының білім алушыларына «Көру қабілеті бұзылған оқушыларға білім берудегі тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында мастер-класс өткізілді. Шара барысында «Табат картасы», Монтессори құралдары: «Ағаш цилиндр», «Санау моншақтары», «Жұлдызқұрт», «Брайль жүйесі бойынша оқу және жазу», «Домино» әдістері қолданылды. Мастер-класс инклюзивті білім беру талаптарына сәйкес жоғары әдістемелік деңгейде, теория мен практиканы үйлестіре отырып өткізілді. Білім алушылар мен оқытушылар шараға белсенді қатысып, пайдалы ақпарат алды.

