2025 жылғы 28-30 наурыз аралығында Алматыда AlmatyFair.ai атты АІ саласындағы жетекші IT-компанияларды, стартаптар мен сарапшыларды біріктірген жасанды интеллект саласындағы ең ірі көрме ұйымдастырылды. Бұл бизнес, әзірлеушілер және барлық мүдделі адамдар үшін жасанды интеллект саласындағы жетістіктермен және олардың практикалық қолданылуымен танысудың бірегей мүмкіндігі болды.
Форумға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Жұбантаев Изимғали Нұрымұлы және энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасының меңгерушісі Утешева Гульнара Шаукатқызы қатысты.
AlmatyFair.ai – бұл цифрлық дәуірдің өзекті мәселелерін талқылау мақсатындағы индустрия көшбасшыларын, стартаперлерді, ғалымдар мен мемлекеттік өкілдерді біріктіретін жасанды интеллект саласындағы ауқымды шара. Форум аясында заманауи технологиялар, инвестициялық трендтер және әртүрлі салалардағы AI даму перспективалары қарастырылды. Форум әлемдік жетекші сарапшылар мен қазақстандық технологиялық экожүйе өкілдері арасындағы білім мен тәжірибе алмасу алаңына айналды.
Форумда жасанды интеллекттің қарқынды дамуы жағдайында қоғамды болашаққа дайындау, цифрлық дәуірдің сын-тегеуріндері, кәсіптердің трансформациясы, AI-дағы әйелдердің рөлі, жаңа білім беру технологиялары, Қазақстанда AI-кәсіпкерлікті дамыту, QAZCODERS бағдарламасын іске қосу, мемлекеттің, бизнес пен технологиялардың синергиясы, болашақтың ақылды қалалары, AI енгізудің табысты кейстері, бизнеске, венчурлық инвестицияларға, Big Tech-тің болашақ технологияларға, халықаралық инновациялық хабтарға және жаһандық нарықтарға шығу мүмкіндіктеріне, сондай-ақ цифрлық көшпенділердің болашағына әсері сияқты тақырыптар талқыланды.
ҚР Ғылым және жоғары білім Вице-министрі Динара Щеглова «AI-Sana» инновациялық бағдарламасын ұсынды, сондай-ақ Министрліктің елімізде академиялық кластер құрудағы және жасанды интеллектті білім беруге интеграциялаудағы жетістіктерін және бағдарламадағы “зәкірлік” жоғары оқу орындарының рөлін көрсетті. Ол AISana бағдарламасының нөлдік кезеңі 650 мың студентті қамтитынын және оларды АИ саласындағы базалық біліммен оқытатынын, бұл кезең басталып, ағымдағы жылдың мамыр айына дейін жалғасатынын атап өтті.
AlmatyFair.ai форумы ғылым, бизнес және мемлекет арасындағы ынтымақтастық платформасын ұсына отырып, Қазақстанда жасанды интеллект экожүйесін дамытуды жалғастыруда. Форумға БҚИТУ секілді жетекші білім беру мекемелерінің қатысуы академиялық қоғамдастық пен индустрия арасындағы жаңа буын мамандарын даярлау және инновациялық болашақты қалыптастыру бағытындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығының дәлелі боп табылады.



