2024 жылдың 29-қаңтарынан 29-ақпанына дейінгі аралықта Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университеті,  Білім және менедмент институтының “Шет тілдері және аударма ісі” кафедрасының аға оқытушысы Самиғолла Нұржарқын Айболатқызы Өрлеу АҚ «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты», «ТЕО» ағылшын тілі мұғалімдерінің қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен, Батыс Қазақстан және Орал қаласының білім басқармасының қолдауымен “Enhancing English Language Education Through Multi-Topic Lesson Study: A Cross-School Investigation with Diverse Teachers and Students” мектепаралық зерттеу жұмысын өткізді.

Жобаның мақсаты – дуальды білім алу бағдарламасын дамыту, жоғары оқу орындары мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты арттыру, мектептегі «Lesson study»  зерттеу жұмыстарын дамыту, білім саласындағы ағылшын тілін оқыту әдістемесі бойынша зерттеу жұмыстарын  сапалы өткізу.

Самиғолла Нұржарқын Айболатқызы жоба барысында Орал қаласының 3 мектебі: № 16 ЖОББМ, Эстетикалық бағыттағы гимназия, №1 ЖОББМ, Батыс Қазақстан облысының 2 мектебінде: Облыстық дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты, «Шаған жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Lesson Study» сабақтарының өтуін бақылап, мұғалімдерге зерттеу бойынша кеңес беріп, ағылшын тілі сабақтарының тиімділігін арттыру жолдарын көрсетті.

Жобаға Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университеттің «Шет тілі» магистратуралық ББ-ның екінші курс студенті Рахимжанова Мулдир, Теректі ауданы “Шаған ЖОББМ” КММ мұғалімі қатысты. Зерттеу жобасы барысында әр мектеп сабақ берудегі өзекті проблемаларды шешу жолы ретінде әртүрлі тақырыптар алды.

«Lesson study» үш циклдан өтті, әр цикл сайын мұғалімдер тандаған тақырыптарына байланысты сабақ жоспарын құрап, сабақты өткізгеннен кейін бақылаушылармен сабақты талқылап, «Lesson study» келесі циклге енгізетін өзгерістерді ақылдасып, оқушылармен сұхбат өткізді. Үш цикл қорытындысы бойынша есеп дайындап, наурыздың 14-інде қорытынды нәтижелерімен АҚ Өрлеу «Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институтында» семинарда бөлісті. Семинарға Батыс Қазақстан облысынан 70 адам онлайн, Орал қаласынан 25 ағылшын тілі мұғалімі қатысты.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz