2023 жылдың 10-шы ақпанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогика факультеті мен тілдер және менеджмент факультетінің студенттері «Қарттарым – асыл қазынам» атты қарттар мен мүгедектер үйінде қайырымдылық концертін өткізді. Шараның негізгі мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу. Іс-шараға қатысушылар өлеңдерді мәнерлеп оқып, ұлттық билер, сондай-ақ қазақ және орыс тілдерінде әндер шырқады. Сонымен қатар студенттер тарапынан әкелінген сыйлықтар мен тағамдар тегін таратылды. Қарттар мен мүгедектер, сол мекеменің медицина қызметкерлері қайырымдылық концертті өте жылы қабылдады. Концерттің соңында студенттерге алғыстарын білдірді.
Тілдер және менеджмент факультетінің студенттік деканы Абдыгалиева Лаура,
№1 жатақхананың студенттік деканы Құрбанбай Мөлдір