Ынтымақтастық туралы жасалған шарттар шеңберінде өзара алмасу негізінде ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасына сәйкес салалық технологиялар институтының білім алушылары Қазақстанның жоғары оқу орындарында, атап айтқанда Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде, Жәңгір хан университетінде, М.Өтемісов атындағы БҚУ,халықаралық көлік-гуманитарлық университетінде, Қызылорда Ашық университетінде білім алуда. Қолданыстағы шарттар, шетелдік жоғары оқу орындарымен келісімдер негізінде БҚИТУ салалық технологиялар институтының білім алушылары үшін сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы белсенді қолданылады – Тамбов мемлекеттік техникалық университеті, Удмурт мемлекеттік университеті, М. Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті, қазан Әлеуметтік білім академиясы.Академиялық ұтқырлықтан өту нәтижелері бойынша меңгерілген оқу пәндері мен академиялық кредиттердің көлемі көрсетілген транскрипт беріледі, олар міндетті түрде “туған” ЖОО-да есептеледі. Сондай-ақ көктемгі семестрге арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін білім алушылардың өтініштері қабылданады.