Құрметті студенттер және магистранттар, оқытушылар және қызметкерлер, жұмыс берушілер және түлектер, серіктестер!

Баршаңызды келе жатқан Жаңа 2025 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

2024 жыл ұжымымыз үшін сәтті де табысты, жетістігі мол жыл болды: университетіміз бірқатар биік белестерді бағындырды, жоғары оқу орындарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін дәлелдеп, халықаралық институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өтті, оқу орнымыздың бір топ профессор-оқытушы құрамы мемлекеттік марапаттарға ие болды. Сонымен бірге келер жылда алдымызда келелі міндеттер күтіп тұр.

Жаңа 2025 жыл өміріміз бен қызметімізге оң өзгерістер мен жақсылықтар әкелсін. Баршаңызға бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылықтар тілеймін. Жаңа жыл бізге тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, жарқын кездесулер мен қуанышты сәттер, тың бастамалар сыйласын!

Құрметпен, БҚИТУ ректоры Б.Т.Шакешев

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz