2024 жылдың 6 және 10 желтоқсан аралығында БҚИТУ, Салалық технологиялық институттының, ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к., Р.Б. Ширванов академиялық ұтқырылық аясында Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің 6В11201 – «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының 4 курс білім алушыларына арналған онлайн – қонақ дәрістер топтамасын оқыды.

Оқытудың интерактивті әдістерін пайдалана отырып өткізілген дәрістер барысында студенттер Қазақстан Республикасындағы қызметкерлердің өндірістік жарақаттануының жай-күйімен, Қазақстан Республикасының кәсіпорындарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыру жолдары мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеудің құқықтық аспектілерімен танысты. Оқылған дәрістер барлық қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Өткізілген дәріс қорытындысы бойынша алдағы уақытта одан әрі ынтымақтастықта жұмыс жасауға тілек білдірді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz