Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен Өзбекстан Республикасының Қоқан Университетінің арасындағы ынтымақтастық жөніндегі екі жақты меморандум негізінде академиялық ұтқырлықты дамыту және жоғары оқу орындары профессорлық-оқытушылар құрамы арасында тәжірибе алмасуды жетілдіру мақсатында шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к., Матжанова Г.Ж., аға оқытушы, п.ғ.м., Ишангалиева К.С., қаржы және экономика кафедрасының аға оқытушылары, э.ғ.м. Салимбаева Ш.Д., экономика магистрі Жиенбаева Г.М. 2024 жылдың  18 және 25 мамыр аралығында  Қоқан Университетіне іссапармен барып, ғылыми тағлымдамадан өтті.

Тағылымдаманың негізгі мақсаты – теориялық білімді және оқыту әдістемесін жетілдіріп, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, практикалық тәжірибелермен алмасу. Аға оқытушылар Ишангалиева С.К., Жиенбаева Г.М. Қоқан университетінің ПОҚ және студенттеріне Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетімен таныстырып, ауқымды ақпарат берді.

Ағылшын тілі және әдебиеті бағыты бойынша қауымдастырылған профессор, ф.ғ.к. Матжанова Г.Ж., аға оқытушы, п.ғ.м. Ишангалиева К.С. «ESOL foundation: research methods and teaching approaches» атты тақырыбында тағлымдамадан өтсе, аға оқытушылар, э.ғ.м. Салимбаева Ш.Д., экономика магистрі Жиенбаева Г.М. қаржы және экономика саласын бойынша «Қазіргі статистикалық зерттеулердің өзекті мәселелері» тақырыбында өз білімдерін жетілдірді.

Өз кезегінде қауымдастырылған профессор Матжанова Г.Ж. әлем тілдері мамандығының 2 курс студенттеріне «Audiovisual translation in Kazakhstan: challenges and perspectives», «Teaching young learners: language learning and acquisition» тақырыптарынан студенттер мен жас мұғалімдерге дәріс оқып,  өз тәжірибесімен бөлісті.

Аға оқытушы, э.ғ.м. Салимбаева Ш.Д. халықаралық туризм және экономика кафедрасының  3 курс студенттеріне «Қазақстан Республикасындағы туризм бизнесінің дамуы» атты тақырыбында дәріс оқыды.

Тағлымдама барысында оқытушылар Қоқан университетінің директоры Г.Э. Захидовпен кездесіп, бірлескен білім беру бағдарламасын жасау мүмкіндігін талқылап, болашақта екі жақты іс-шаралар әрі қарай жалғасын табатынын айтты.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz