24.04.24 күні филология, мәдениет және оқыту әдістемесі кафедрасында жоспарға сай академиялық комитет отырысы өтті. Отырысқа кафедраның білім беру бағдарламаларының стейкхолдерлері қатысып, 7М01701-Қазақ тілі мен әдебиеті, 6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті, 6В01704-Қазақ тілі мен әдебиеті және түрік тілі, 6В01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 6В11102-Мәдени-тынығу жұмысы, 6В01403-Музыкалық білім беру, 6В03201-Кітапхана ісі білім беру бағдарламалары талқыланды. Кафедраның әдістемелік семинар жетекшісі Абужалитова А.Т. білім беру бағдарламаларын таныстырып, кеңес қатысушылары ұсыныстары мен тілектерін ортаға салды. 30 инновациялық білім беру бағдарламасына кіретін «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламалары алдағы оқу жылында қолданысқа енетіндігі туралы ақпарат берілді, аталған білім беру бағдарламаларының оқу жоспарлары талқыланды.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz