2026 жылғы 2–9 сәуір аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Салалық технологиялар институты Ғылым қызметкерлері күніне орай «AI Start up» жастар стартап-жобалары байқауын ұйымдастырды.
Байқау барысында білім алушылар белсенді қатысып, жоғары дайындық деңгейін, бастамашылдығын және инновациялық қызметті дамытуға деген ұмтылысын көрсетті. Қатысушылар технологиялар мен кәсіпкерлік саласындағы заманауи үрдістерді көрсететін өзекті әрі перспективалы жобаларын ұсынды.
Байқау жұмысына қазылар алқасының төрағасы — БҚИТУ ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры И. Н. Жұбантаев, сондай-ақ қазылар алқасының мүшелері қатысты:
– IT Group Kazakhstan компаниясының бас директоры М. М. Дудниченков;
– БҚИТУ Салалық технологиялар институтының цифрландыру және ақпараттық технологиялар басқармасының бағдарламашы-инженері В. В. Мысько;
– БҚИТУ Білім беру және менеджмент институтының ғылым және цифрландыру департаменті басшысының орынбасары Б. А. Уразова;
– БҚИТУ Салалық технологиялар институтының ғылыми бөлімінің жетекшісі Ж. А. Мурзабекова.
Байқауға Салалық технологиялар институтының студенттерінен құралған 20 команда қатысты.
Құзыретті қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталды:
1-орын — 6В07302 «Құрылыс» білім беру бағдарламасының 3 курс білім алушысы Камиссариев Айдар, «Mini-Смета: жөндеу есебін автоматтандыру» жобасы;
2-орын — 6В09103 «Ветеринария» білім беру бағдарламасының 3 курс білім алушылары Бекташев Алишер, Насипкереев Есенбек, «VetSmart AL» интеллектуалды телетеринария платформасы жобасы;
3-орын — 6В04202 «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 3 курс білім алушылары Амангельдиева Маржан, Нысанбай Мөлдір, Сағынай Гүлмейрам, «Заң клиникасын ашу» жобасы.
Сондай-ақ арнайы номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:
«Ең креативті жоба» — 6В06104 «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының 1 курс білім алушысы Галимзянов Дархан;
«Күнделікті өмірге арналған үздік шешім» — 6В06104 «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының 4 курс білім алушысы Жумагулов Әсет;
«Көрермен көзайымы» — 6В07201 «Мұнай-газ ісі» білім беру бағдарламасының 1 курс білім алушысы Муканов Абай.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен және Салалық технологиялар институты басшылығы ұсынған ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Байқауға қатысқан барлық білім алушыларға, ғылыми жетекшілер мен оқытушыларға белсенді қатысқаны және университеттің ғылыми-инновациялық қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.





