6В04202 — «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Амангелдиева Маржан, Нысанбай Мөлдір, Сағынай Гүлмейрам «AI Start up» байқауында жүлделі 3-орынды иеленді. Жобаның ғылыми жетекшілері — «Құқық» кафедрасының аға оқытушылары Тулеугалиева Ж.К., Айешева Г.А., Куатбек Г.К., Отеуова А.К.

2026 жылғы 2 және 9 сәуір күндері Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде өткен «AI Start up» байқауы технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы перспективалы жобаларды қолдауға бағытталған маңызды іс-шара болды. Байқау екі кезеңнен тұрып, студенттердің жобалық дағдыларын және кәсіпкерлік ойлауын дамытуға, сондай-ақ инновациялық идеяларды анықтап, оларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасауға арналды.

Қыздарды лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістік алдағы табыстарға берік негіз болып, батыл жобаларды жүзеге асыруға шабыт берсін және кәсіби дамуға жаңа мүмкіндіктер ашсын. «Құқық» кафедрасының студенттеріне жаңа жетістіктер, өз күштеріне сенім және барлық бастамаларында үлкен табыстар тілейміз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.