2026 жылдың 10-сәуірінде университетте дене мәдениеті және информатика кафедрасының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп – қоғамның тұрақтылығы мен дамуының негізі» тақырыбында студент жастардың БҚО, Орал қаласы полиция және заң басқармасының өкілдерімен кездесуі өтті.

Іс-шараға білім алушылар мен профессор оқытушылар құрамы қатысты. Кездесуде Орал қаласы № 2 қалалық сотының судьясы Рахметова Жанаргул Жумаситовна, Орал қ. ПБ Абай ПБ полиция капитаны Нуркаятова Мулдир Кайратовна, Орал қ. ПБ Абай ПБ жедел уәкілі, полиция лейтенанты Ерболұлы Мейірбек сөз сөйлеп, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Олар азаматтарды заң талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырып, құқықбұзушылықтың алдын алу әркімнің жеке жауапкершілігі екенін жеткізді. Сонымен қатар, жастарға құқықтық сауаттылықты арттырып, саналы әрі заңға бағынатын өмір салтын ұстану қажеттігін түсіндірді. Іс-шара барысында түрлі құқықбұзушылықтарға қатысты бейнероликтер көрсетіліп, білім алушылар іс-шараға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар алды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.