Өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тікелей бастамасымен барлық білім беру ошақтарында жұмыс жасап жатқан «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары мен «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселерінің орны ерекше.

Көрсетілген бастамалардың мүмкіндіктерін одан әрі кеңейту үшін   2019 жылдың 14 қазан күні сағ.: 10.00-де өңірлердегі барлық білім беру ұйымдарында (колледж, ЖОО) бірыңғай «Адалдық сағаты» ұйымдастырылды.

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогика, тілдер және менеджмент факультеттерінде өткен шараға лектор ретінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Самет Нұрдаулет Ильясұлы, университеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес төрағасының орынбасары Нургалиева Эльонора Маратовна, тәрбие ісі жөніндегі проректор Абекешев Аянбек Иманбайұлы қатысып, оқытушылар мен студенттерге лекциялар оқып, слайдтар көрсетті. Жалпыреспубликалық бірыңғай «Адалдық сағатына» университет бойынша барлығы 1186 студенттке дәріс оқылып, ақпарат берілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz