2019 жылы қазан айының 14 күні  Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті гуманитарлық-заңтану факультетінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекетті насихаттауға бағытталған жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» атты  ашық дәріс өткізілді. Дәріске университет және колледждан 1-2 курс  студенттері шақырылды.  Ашық дәрісте орыс және қазақ тілдерінде дәріс оқығандар: доцент Н.И.Осипов, запастағы милиция полковнигі, аға оқытушы Т.Ж.Жармухаметов, аға оқытушы Ш.Е.Нугыманова. Дәріс барысында студенттерге сыбайлас жемқорлықтың денсаулық сақтау және білім саласына тигізетін зияны туралы видеоролик көрсетілді.

Қоғамда сыбайлас жемқорлық проблемасын насихаттаудағы заңгерлердің рөлі мен маңызы түсіндірілді. Студенттердің сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қажетті ақпаратты алуына ерекше назар аударылды. ҚР ІІМ Ардагері Ж.Т.Жармухаметов  сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және күресу жолдары туралы өз тәжірибесімен бөлісті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz