2019 жылдың 16 қазанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде жылда дәстүр бойынша «Студенттер қатарына қабылдау» атты мерекелік іс-шара өтті. Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен «Студенттер қатарына қабылдау» мерекелік кеші салтанатты рәсім мен концерттік бөлімнен тұрды. БҚИТУ туралы бейнефильм көрсетілгеннең кейін, бірінші курс студенттеріне арнап университетіміздің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Р.С. Габдуалиева құттықтау сөз айтып, білім жолында сәттілік тіледі. Дәстүр бойынша жоғарғы курс студенттерінің айтар нақыл сөзерін тыңдап, бірінші курс студенттері ант берді. Студенттік билетті университетіміздің оқу және оқу ісі жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Т. Ерназаров бірінші курс студенттеріне тапсырды. Концерттік бағдарламада әр факультеттін студенттерінең құралған флеш-моб, вокал әндері шырқалып, заманауи би тобы өз өнерлерін көрсетті. Облысымызға белгілі Даулет тана мен Баха Кеш концертіміздің кеш қонақтары ретінде шақырылып, студент жастарға өз әндерін шырқады. Мерекелік шара жоғары деңгейде өтті.





